Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

5 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
15.3 C
Shymkent

«Мүгедектікке шығарып беремін» деп 11 тұрғынды алдаған әйел ұсталды

Танымал

Ел аузында

Төлеби аудандық полиция бөліміне арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғанын жеткізді. Оның айтуынша, сырттай танысы «мүгедектікке шығарып беремін» деп сеніміне кіріп, 2021 жылдың желтоқсан айында 300 000 теңге ақша алады.
Содан арадан 1 жылға жуық уақыт өтсе де уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармайды. Дәл осындай арызбен полицияға бірнеше әйелдер шағым түсіріп, алданғандарын көрсетті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Хабар алысымен төлебилік полицейлер жедел әрекет етті. Тұрғындарды алдап, ақшасын алып кеткен сезіктіні қолға түсіру бағытында қарқынды іздестіру шараларын жүргізді. Алаяқтық қылмысын ашу мақсатында, жәбірленушілерден нақты ақпараттар алды. Келіп түскен ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басы анықталып, поилцияға жеткізілді. Ол жұмыссыз әйел, жергілікті тұрғын болып шықты.
Бұл алаяқтық қылмысы бойынша жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізіліп, әйелдің 11 тұрғынды алдап, 6 миллион теңгеден аса қаражат алғаны белгілі болды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері тұрғындарға мүмкіндігінше сақ болып, кез-келген адамға артық сенім білдірмеу керектігін ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қызылордада визажист пробация есебіндегі азаматшаларға макияж жасауды үйретіп, сертификат табыстады

Қызылорда облыстық Жастар ресустық орталығында  визажист  Серік Арайлым қыз-келіншектерге  тегін шеберлік сабағын өткізді. Бұл шараға Қызылорда қалалық пробация есебіндегі...