Елімізде 20 градусқа дейін аяз болады

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда 20 градусқа дейін аяз болады. Қазгидромет синоптиктері 15-17 қарашадағы ауа райын жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың ауа-райына әлі де Атлантикалық циклон өз әсерін тигізеді, жауын-шашын, елдің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.

Республика бойынша бұрқасын, көктайғақ, тұман, қатты екпінді жел 15-28 м/с сақталады, 15 қарашада Қарағанды және Жамбыл облыстарында 30 м/с және одан да аса қатты жел күтіледі.

«Аптаның соңында Солтүстік-батыс антициклонының енуімен жауын-шашынның тоқтауы және температура фоны төмендейді деп күтіліп отыр. Ауа температурасы түнде солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталықта 10-20 аязға дейін, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыста 2-10 аяз, таулы аймақтарда 10-15 аязға дейін төмендеуі күтіледі», – делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғылыми таным мен мектеп сабағын ұштастырған жоба

Оқушыны ғылыми ізденіске баулу мектеп бағдарламасындағы тақырыпқа сұрақ қоюдан, деректі талдаудан және өз пікірін дәлелдеуден басталады. Алматыдағы Әл-Фараби атындағы...