Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
-1.7 C
Shymkent

Төрт түлікпен болатын жол апатын болдырмау үшін 16 мыңнан астам ірі қараның мойнына жарық шағылыстыратын таспа ілінді

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысында жыл басынан бері үй жануарларының қатысуымен 21 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 10 адам қаза тауып, 27 адам жарақат алды. Осыған байланысты полицейлер төрт түліктің  қатысуымен болатын жол апаттарын болдырмау, алдын алу бағытында жан-жақты рейдтік-профилактикалық іс-шараларды жүргізіп келеді.                
Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Асылхан Төрехановтың айтуынша: «Облыс тұрғындарымен жол апатының басты себептері мен оның алдын алу туралы әңгімелесу жүргізілді.  
Учаскелік полиция инспекторларының бастамасымен малдардың қатысуында болатын жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында жылқылардың мойнына жарық шағылыстыратын таспалар ілуді ұсынып, бірқатарына өзіміз тағып көрсеттік. Бұл бағыттағы жұмыстар нәтижесінде бүгінгі таңда 16 383 ірі қараның мойнына жарық шағылыстыратын таспа ілінді. 
Таспаның ерекшелігі сол, қараңғы кезде жүргізушілердің көзіне алыстан бірден байқалады. Сондықтан жол апатын болдырмауға бағытталған мұндай шаралар жалғаса береді»-деп атап өтті.                      
Айта кетсек, 2022 жылдың 10 айында малдарын қараусыз жіберген 5 596 тұрғынға ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды және жою қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік шара көрілді. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

За два дня врачи Медцентра УДП провели 16 сложных операций в области Жетысу

В области Жетысу продолжается медицинская акция «Дни Медицинского центра Управления делами Президента РК». Во второй день ведущие врачи Больницы...