Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Алматыда реабилитациялық оқу-зерттеу орталығы ашылды

Танымал

Ел аузында

Оңтүстік астанадағы №1 Қалалық клиникалық аурухана жанында Қазақстан мен Кореяның бірлескен тұңғыш реабилитациялық медицина оқу-зерттеу орталығы ашылды. Жоба ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ, Кёнбук (KNUH) университеті ауруханасы мен Корей денсаулық сақтау индустриясын дамыту агенттігінің (KHIDI) қолдауымен жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚКА баспасөз қызметі.
Хабарламаға сүйенсек, орталықта Оңтүстік Корея мамандары қазақстандық реабилитолог, кинезотерапевт, эрготерапевт дәрігерлерге арналған онлайн-сабақтар жүргізбек.
«Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда эрготерапевт, кинезотерапевт мамандықтары денсаулық сақтау саласының нормативтік базасына 2021 жылдан бастап енгізілген болатын. Соған байланысты, аталған бағытта мамандар дайындау қажеттігі туындап отыр. Орталықты ашуға қайтарымсыз негізде үлес қосқан кореялық достарымызға алғыс білдіреміз», – деді Smart Health University City ЖШС сенімгерлік басқару компаниясының басқарма төрағасы орынбасары Қайрат Ержанов.
Орталықтың ашылу рәсімі шеңберінде №1 ҚКА базасында корейлік мамандардың қатысуымен алғашқы шеберлік класы өтті. Шетелдік мамандар жергілікті реабилитологтарға және ЛФК нұсқаушыларына балалар мен ересектерді оңалтудың тиімді әдістерін үйретті.
«Реабилитация міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен жүргізіледі. Жалпы, пациент денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған ем-дом түрлері сапалы материалдық-техникалық база мен кәсіби мамандарды қажет етеді. Аурухана жанынан ашылып жатқан зерттеу орталығында реабилитацияның заманауи әдіс-тәсілдері қолданысқа енгізіліп, емнің тиімділігі арта түсері хақ», – дейді МСҚ Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев.
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс реабилитологы, №1 аурухананың бөлімше меңгерушісі Әмина Сейданованың айтуынша, орталық халықаралық стандарт бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеумен айналыспақ.
«Оңтүстік Кореяның реабилитолог мамандары телемедицина шеңберіне науқастар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнап тұрақты консультациялар, ал дәрігерлер үшін шеберлік кластарын жүргізетін болады», – дейді Әмина Сейданова.
Бір айта кетерлігі, Корей республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі шетелдік ауруханаларға арналған мұндай жобаларды ғаламдық денсаулық саласын дамыту мақсатында тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...