Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Түркістан облысында заңсыз айналымнан 330 келіге жуық есірткі алынып, 200 мыңнан астам есірткі түптері жойылды

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысының полицейлері 5 ай бойына жүргізілген «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындылады. Нәтижесінде Түркістан облысы Полиция департаментінің құрылымдарымен барлығы 111 есірткі қылмысы анықталды. 
Оның ішінде 8 дерегі есірткіні сату болса, тағы 8 дерегі аса ірі көлемде сақтау, 57-сі есірткі егу, 35-і есірткі контрабандасы болып табылады. Заңсыз айналымнан 329,4 келі есірткі заттары алынды. Сондай-ақ 72 тоннадан асатын прекурсорлар (күкірт, тұз қышқылдары), 518 психотроптық дәрілер тәркіленді. Іс-шара кезінде жалпы 200 мыңнан астам есірткі түптері жойылды.

. Одан басқаТүркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері мен ҚР ІІМ ЕҚҚІҚД, ҰҰ Гвардиясының МИ-Е тікұшағымен облыс аумағындағы аудандарда есірткі егуге ықтимал жерлерге әуемен барлау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 7 есірткі егу алқаптары анықталды, 6 күдікті ұсталды. «Қарасора-2022» іс-шрасы кезінде есірткімен байланысты деректер бойынша 202 тұлға ұсталды.
Полицейлермен басқа да ведомство өкілдері бірлесіп, нашақорлыққа қарсы 94 профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Оған 35 000-нан астам оқушылар мен студент жастар қатыстырылған.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...