Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

Түркістан облысында мас жүргізуші 7 жылға куәлігінен айырылды

Танымал

Ел аузында

Сауран АПБ жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері рейд кезінде Ескі икан кентінің көшесінде жол қозғалысы ережелерін бұзған ресей нөмірлі «ВАЗ» маркалы автокөлікті тоқтатты.
Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер жүргізушіден мас болу белгілері бар екенін байқады. Содан жүргізуші медициналық куәландыруға жеткізілді, яғни көлік құралын басқарған азаматтың мас халде болғаны расталды.
Полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша «алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық мас күйіндегі жүргізушінің көлік құралын басқару, сол сияқты көлік құралын басқаруды алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық мас күйіндегі адамға беру» хаттама толтырды. Жинақталған құжаттар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Сот құқықбұзушыны ҚР ӘҚБтК 608-бабына сәйкес автокөлік жүргізушісін 7 жыл мерзімге автокөлік құралдарын басқару құқығынан айырып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу тағайындалды.
Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Ең бастысы, мас күйінде көлік жүргізбеу керек, бұл түзетілмейтін жағдайға әкелуі мүмкін. Жолдарда, әсіресе ауа-райының қолайсыздығында абай болыңыз!

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Полицейлер 16 миллион теңге қарызы бар көлікті анықтады

Полицияға республикалық маңызы бар «Шымкент-Самара» тас жолында іздеуде жүрген маркасы «Хавал» автокөлігінің банк есебіне өтелмеген 16 миллион теңгеден астам...