Мешітке келген тұрғынның велосипедін ұрлаған жігіт Алматыдан ұсталды

Танымал

Ел аузында

Мақтаарал полициясына  жергілікті тұрғын «Asbike» маркалы велосипедінің ұрланғаны жөнінде арызданған. Жәбірленуші тұрғынның айтуынша, оның мешіт  сыртына  қойып кеткен велосипедін белгісіз біреу жымқырып кеткен. Оқиға орнына бірден учаскелік инспекторлар келіп, велосипед ұрлаған ұрыны іздеуге кірісті. 
Тәртіп сақшылары аулаларды аралап, куәлардан жауап алып, мешіт  пен көшеде орнатылған бейнебақылау камераларын тексерді. Полицейлер жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктіні Алматы қаласынан анықтады.  Ол жергілікті тұрғын, бұрын сотты болған ер азамат болып шықты. 
Полицейлер  жігіттен ұрланған велосипедті тәркілеп   алып, заңды иесіне қайтарды. Яғни жәбірленуші азамат мешітке намаз оқуға велосипедін мініп келген. Содан соң велосипедті сыртқа қойып, өзі 10 минутқа ішке кіріп шыққан. Ал үйіне  қайту үшін  сыртқа шығып екі аяқты көлігін  іздеп таба алмаған. Содан соң сақшылардан көмек сұраған.  
Қазіргі уақытта күдікті ер адам қамауға алынып, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адамның айтуынша, ол үйіне жету үшін ұрлық жасаған. 
Түркістан облысы полицейлері мұндай ұрлық түрінен қорғанудың жалғыз кепілдендірілген әдісі - велосипедті қараусыз қалдырмау екенін ескертеді. Велосипедіңізді камерасы бар орынға қойыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Орталық Азия аймағының интеграциясыз ынтымақтастық үлгісі

Орталық Азия 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері өңірлік шоғырланудың ең серпінді кезеңін бастан кешірді. 2018-2025 жылдар аралығында мемлекет басшыларының...