Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

22.7 C
Nur-Sultan
23.8 C
Almaty
30.1 C
Shymkent

Өздеріне көмектескен тұрғынның үйіне ұрлыққа түскен Шымкенттік жігіттер анықталды

Танымал

Ел аузында

Созақ  аудандық полиция бөліміне  жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, үйіне  белгісіз біреулер келіп, өздерінің көліктерінің бұзылып жолда қалып қойғанын айтып көмек сұраған. Содан ол көшеде тұрған көлікке барып көлікті жөндеуге кіріседі. 
Жәбірленуші  көлікті жөндеп болып  үйіне кірген сәтінде үстел үстінде тұрған ұялы телефонының ұрланғанын байқап, бірден полицияға хабарласады. Жәбірленуші ер адамға келтірілген шығын көлемі 100 000 теңгені құрады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды. 
Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктілерді  анықтау мақсатында ауданның тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылып, іздестіру жұмыстарына кірісіп кетті. Көрген-білген жандардан сұрастырып, жәбірленушінің жауабымен, басқа да сұрастыру әрекеттерінің арқасында кінәлілердің  жеке басы анықталды. Олар Шымкент қаласының тұрғындары, яғни күдікті 3 азамат болып шықты.  
Анықталғандай,  бұл қылмысты күдіктілер алдын ала сөз байласып жоспарлы түрде жасағандары белгілі болды. Олар жолда қалып қойған жолаушылар секілді    тұрғыннан үйіне көмек сұраған, Осы сәтте күдікті 2 азамат жәбірленушіні алдаусыратып тұрғанда, үшінші сезікті жігіт үй ішіне жасырын кіріп,  ұялы телефонды жымқырған. Одан әрі қарай күдіктілер олжалаған ұялы телефоннан жәбірленушінің  жинақы қорындағы 1 миллион 200 мың теңгесін заңсыз  пайдаланған. 
Осылайша, оңай жолмен пайда тапқан сезіктілер ақшаның барлығын жеке бас қажеттілігіне  жаратып жібергендерін айтты. Қазіргі таңда күдіктілерге  қатысты  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Fix Price Қазақстандағы ең қарқынды дамып жатқан non-food ритейлерлердің бірі атанды

2025 жылдың алғашқы тоқсанында Fix Price дүкендер саны 349-ға жетіп, бір жыл ішінде 62 сауда нүктесіне көбейді. INFOLine аналитикалық агенттігінің...