Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14 C
Nur-Sultan
25 C
Almaty
27.3 C
Shymkent

№15 мекеме қызметкерлерінің арасында спорттық іс-шара ұйымдастырылды

Танымал

Ел аузында

            Атырау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүесі департаменті №15 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие жұмысы және әлеуметтік психологиялық бөлімінің ұйымдастыруымен кіші аяқ доптан бөлімдер арасында  жолдастық кездесу өткізілді.

Жолдастық кездесу барысында шараға бес команда (1.Басшы құрам. 2. Жедел бөлімі. 3. Режим бөлімі. 4. Кезекші бөлімі. 5. Сотталғандар арасында тәрбие жұмысы және әлеуметтік психологиялық бөлімі) қатысып ішінен мықтыны анықтады. Өткізілген шара барысында үздік шабуылшы, үздік қорғаушы, үздік қақпашы, үздік ойыншыларды анықтап шара ұйымдастырушылар атынан грамотамен және қосымша сыйлықтармен марапатталды. Ойын соңында жеңімпаз командалар анықталып (1. I орын -режим бөлімі. 2. II орын – басшы құрам. 3. III орын – жедел бөлімі) орын алған командалар мекеме бастығының атынан грамотамен марапатталды. Бұндай іс-шараларды өткізу себебі бөлім арасында ауыз біршілігін нығайту сонымен қатар қызметкерлерді спортпен, салауатты өмірге баулу мақсатында өткізіліп отырады. 

Р.Б.Байжанов, №15 мекемесінің САТЖжӘП

бөлімінің бастығы

әділет капитаны                                                                            

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Мажарстан исламдық сәулет өнерінің мұрасы»

2024 ж. 13 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі және Мажарстанның Бас Консулдығы бірлесіп «Мажарстан исламдық сәулет...