Полицейлер қайырымдылық шарасын жалғастыруда

Танымал

Ел аузында

Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері аудан орталығында тұратын жағдайы төмен отбасыға күнделікті қажетті азық-түліктер табыстап қайтты. Осылайша полицейлер денсаулығына байланысты жұмыссыз отырған азаматтың үйіне арнайы барып, қуантып қайтты.
Тәртіп сақшылары тарапынан қамқорлықты сезінген отбасы мүшелері аудан сақшыларына ізгі амалдары үшін алғыстарын жеткізіп, қызметтеріне табыс тіледі. «Осындай қиын сәтте бізге демеу болып, қамқорлық танытқан полицейлерге алғыс айтамыз. Отбасылары аман болсын. Абырой-даңқтары арта берсін!»- деді жергілікті тұрғын.
«Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты міндетіміз болса да, жұртшылыққа жанашыр болуды да естен шығармаймыз. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады,»-дейді сарыағаштық полицейлер.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Түркістанда «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығының бастамасымен Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен рухани мұрасын балаларға танытуға...