Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Түркістан облысында есірткі егіп, оны сақтаған 44 жастағы тұрғын сотты болды.

Танымал

Ел аузында

Арыс  аудандық ПБ-нің «102» нөміріне жергілікті тұрғынның бірі өз ауласында есірткі затын өсіретіндігі және сақтайтындығы туралы хабар келіп түскен. Полиция қызметкерлері аталған ақпаратты ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша  тіркеп, қылмыстық істі ашуға бірден бағыт алды. 
Арыстық тәртіп сақшылары есірткі қылмысының алдын алу бойынша аталған мекенжайға барды. Осылайша, күдіктінің үйін тінту барысында, ауласында 146 түп есірткіге ұқсас  өсімдікті  еккенін анықтады. 
Полицейлер үйден  алынған есірткіге ұқсас өсімдік заттарына сараптама тағайындады. Оның қорытындысына сәйкес, ұсынылған заттың салмағы 20 келіден астам болатын «сора» екені белгілі болды.  
Істің ақ-қарасын ажыратып, нақты дәлелдер жинақталып, қылмыстық іс айыптау актісімен бірге сотқа жолданды. Нәтижесінде соттың үкімімен 44 жастағы арыстық тұрғын ҚК-нің 300-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру  жазасы тағайындалды. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легі аяқталды: медиакеңістікке жаңа буын сарапшылары шықты

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легінің қорытынды Networking іс-шарасы өтті. Бұл — сарапшыларды кәсіби коммуникация мен медиамен жұмыс істеуге...