Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25.8 C
Nur-Sultan
27.5 C
Almaty
32.1 C
Shymkent

«Оқу орнына грантқа түсіріп беремін деп» тұрғынды алдаған келіншек анықталды

Танымал

Ел аузында

Түркістан ҚПБ-на  арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғандығын жеткізді. Яғни танысы 2021 жылдың ақпан айында "оқу орнына грантқа түсіріп беремін" деп сеніміне кіріп, 1 500 000 теңгесін алған. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық " бойынша тіркеді.
Түркістандық тәртіп сақшылары тұрғынды алдап, ақшасын алып кеткен күдіктіні қолға түсіріп, қылмысты ашу мақсатында іздестіру шараларын жүргізді. Қажетті деп танылған барлық іс-шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті ретінде жұмыссыз әйел, Кентау  қаласының тұрғынын анықтады. 
Белгілі болғандай, сезікті әйел алаяқтықпен алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде.
Сондықтан облыс полицейлері мүмкіндігінше сақ болып, кез келген  адамға артық сенім білдірмеу керектігін айтады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...