Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Тұрғындардың атынан несие рәсімдеген жігіт ұсталды

Танымал

Ел аузында

Сайрам полициясына бірнеше жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оның атынан белгісіз біреу онлайн-несие алып, 100 мың теңге шығын келтірген. Ал, екінші арызданушының атынан 70 мың теңге алып, банкке қарыз еткен. 
Біраз уақыт өткен соң берешектері көбейіп, банктен хабар келгенде, жәбірленушілер тез арада тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтауға көмек берулерін сұрайды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Жәбірленушілерге келтірілген шығын 170 мың теңгеден астам.
Арызданушылардың шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында сайрамдық полицейлер қажетті іс-шараларды жүргізді. 
Тексеру жұмыстары нәтижесінде, полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Ол бұрын алаяқтықпен сотты болған орта жастағы азамат болып шықты. 

Анықталғандай, күдікті азамат таныстарына хабарласып, олардың банктік кәртішке нөмірлері мен төлқұжат көшірмелерін сұраған.
«Біреу ақша салатын еді» деген сылтаумен жәбірленушілердің нақты мәліметтерін алған алаяқ, одан ары өз арам ойын жүзеге асырған. Жәбірленушілердің атынан банкке сұраныс жіберіп, мақұлдау алған. Содан шағымданушылардың есепшотына түскен ақшаны өзіне аудартып алады. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өзіңізге қатысты жеке, құпия сандарды ешкімге бермеңіздер деп ескертеді. Банктік карточкаларыңыз бен жеке куәлігіңізге, жалпы құжаттарыңызға ұқыпты болыңыздар.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Врачи Алматинской области ознакомились с работой лучших клиник Лондона

Специалисты из разных медицинских учреждений Алматинской области вернулись из Туманного Альбиона, столицы Великобритании Лондона, где несколько дней повышали свою...