Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

«Заң бұзушылықтарды жою шаралары қабылданды»:Батыс Қазақстан облысы Прокуратурасы «Кублей» зауытына қатысты мәлімдеме жасады

Танымал

Ел аузында

Елімізде отыз жылдан бері жұмыс істеп, нарықта өз орнын тапқан «Кублей» зауытының басынан дау арылмай қойды. Зауыт жұмысына қолдау көрсету орнына тынысын тарылтып зауыт аймағына тұрғын үй салу, жұмысына кедергі келтіріп жауып тастауға тырысушылардың не көздегені түсініксіз. Осы орайда жақында Батыс Қазақстан облысы Прокуратурасы арнайы мәлімдеме жасап, заң бұзушылықтарды жою шаралары қабылданып жатқанын жеткізді. Алайша заң бұзушылықтарға жол беріліп, «Кублейді» құртуды көздегендер, зауыт жабылса мыңдаған адамның жұмыссыз қалатынын ойлады ма екен?!

Батыс Қазақстан облысы Прокуратурасының мәліметінше, Орал қаласының әкімдігіндегі бірнеше лауазымды тұлғалар мен тұрғын үйді салған «Ирменова» жеке кәсіпкерлігі жауапқа тартылған. «Батыс қазақстан облысы және Орал қаласы прокуратурасының қадағалау актілер бойынша қала әкімдігінің бірқатар лауазымды тұлғалар (әкім, әкімінің орынбасары,
сәулет және қала құрылыс бөлімінің басшысы) және «Ирменова Ж.С.» ЖК тәртіптік пен әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлаймыз. Заң бұзушылықтарды жою шаралары қабылданды»,-деп мәлімдеген Батыс Қазақстан облысы Прокурорының бірінші орынбасары Александр Цуранков.

Пркуратураға қоса Ауыл шаруашылығы министрлігі де «Кублейдің» тағдырына алаңдап мәлімдеме жасады. Ведомствоның мәліметінше, «Кублей» зауыты жабылса, БҚО мыңдаған шаруа қожалықтары зиян шешіп қана қоймай, бүкіл Қазақстан бойынша осы саланың кері кетуіне тікелей әсер етеді. Министрлік жарты ғасырлық тарихы бар өндіріс орнының елімізде алатын орны ерекше екенін атап қана қоймай, нақты шығаратын өнімдеріне зерттеу жасаған.

«Кублей» ЖШС – 30 жылдық тарихы бар ет, балық және көкөніс консервілерін өндіретін ірі отандық кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорынның ет және ет-өсімдік консервілерін өндірудегі үлесі 65% құрайды. Осылайша, бұл кәсіпорын ішкі нарықты ет өнімдерімен қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сонымен қатар тек Қазақстанды ғана емес, оны Өзбекстанға, Қырғызстанға, Тәжікстанға және т.б. экспорттайды. Бүгінгі таңда консервілеу зауыты 100-ден астам консервілеу өнімдерін шығарады: ет, ет және көкөніс, балық, деликатес, жеміс-көкөніс консервілері, тауық консервілері, дайын түскі ас және сүт консервілері. Оның қуаты-бір ауысымда 200 мың банка консервілер. Батыс Қазақстан облысының 3 мыңға жуық шаруа қожалығы кәсіпорынға ет жеткізеді», -деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай.
Министрліктің мәліметінше «Кублей» зауыты заманауи аппараттармен толықтай жабдықталған, тәулігіне 70 тоннаға дейін консерві өнімдерін шығаратын жетекші өндіріс орны. Вице-министрдің жауабында, зауыт ет өнімдері 405 тоннаға дейін арттырғаны жазылған.


«Консервілеу зауытына деликатес консервілерін өндіру цехы, көкөніс консервілерін өндіру цехы, көкөніс қоймасы, ет консервілерін өндіру цехы, балық консервілерін өндіру цехы, сүт консервілерін өндіру цехы, тоңазытқыш камералары, шикізатты сақтау қоймалары, теміржол кірме жолдары бар дайын өнімді сақтау қоймалары кіреді. Зауыттың жабдықталуы мен инфрақұрылымы тәулігіне 70 тоннаға дейін консерві өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді. Батыс Қазақстан облысында 2021 жылғы қаңтар-қазан кезеңінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет консервілерінің өндірісі 26,1%-ға (3 418 тоннадан 4 311 тоннаға дейін), ет және өсімдік консервілерінің өндірісі 46,8%-ға (405 тоннадан 595 тоннаға дейін) ұлғайды», -деді вице-министр.
Министрлік «Кублей» ЖШС зауытының басына төнген қауіп шешілмей, өндіріс орны шенеуніктердің кесірнен жабылса Батыс Қазақстан облысындағы шамамен 3 500 шаруа қожалығына кері әсерін тигізетінін ескертті. Тек шаруалар ғана зиян шешіп қоймай, ауыл шаруашылығы саласындағы отандық өнім өндіру деңгейі төмендеп, шетелден импорт қаптайды.

«Кублей» ЖШС зауыты жабылуы ол шикізаттың жеткіліксіздігімен, ішкі нарықты ет өнімдерімен қамтамасыз етуі төмендеуімен елдегі ауыл шаруашылығының жұмысына кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар экспортқа шығарылатын тауарлар төмендеп, импорттық тауардың ішкі нарықта көбеюіне әкеліп соғады. Зауыттың жабылуының нәтижесінде 700 адам жұмыссыз қалады. Сондай-ақ отандық қайта өңдеу кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендетеді. «Кублей» ЖШС консервілеу өнімдерін шығаратын зауыттың өкілдері екі жыл бойы Орал әкімдігімен сот ісін жүргізуде. Кәсіпорынның өкілдерінің айтуы бойынша әкімдік зауыт орналасқан өнеркәсіптік аймақтың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын заңсыз бекіткен. Нәтижесінде осы аймақта көп пәтерлі тұрғын үйлер салына бастады. Санитарлық-қорғау аймағы тұрғын алабынан кемінде 100 метр болуы тиіс», – деп жауап берді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Даудың басы 2020 жылы «Кублей» зауытының жанынан әкімдіктің «Циолковский» тұрғын үй кешенін салуға рұқсат бергенінен басталған. Әкімдік 2014 жылы Үкімет бекіткен қаланың бас жоспарына өзгеріс енгізіп, 2020 жылдың мамыр айында зауыттың санитарлық қорғау аймағынан көпқабатты тұрғын үй салуға рұқсат беретін қаулыны шығарып жіберген. Заңгер Бақытжан Базарбектің сөзінше, өндірістік аймақты тұрғын үй салатын жер деп өзгертіп, өтіп кеткен уақытпен заңдастырмақ болған.


«Енді судья шешім шығарудың орынына тараптарды татуластыру сатысына өтеміз, шешім шығарылмайды, бұл іс қоғамда үлкен резонанс алды, сондықтан да татуласу керек дейді. Біліп тұр, соттың шешімінен кейін не арба сынады, не өзгіз өледі. Бұл жерде бейтарап шешім жоқ. Өйткені Орал қаласы әкімінің қаулысы заңсыз шығарылған. Уәкілетті органдардың келісімі жоқ. Егжей-тегжейлі жобасы Орал қаласының бас жоспарына сәйкес болуы керек. Сәулет-қала құрылысы туралы талаптарға сай өнеркәсіптік аумақтарда тұрғын үй салуға тыйым салынған. Заңның аты заң ғой енді.
Қоршаған ортаны қорғау схемасы жоқ, егжей-тегжейлі жоспарды дайындау тапсырмасы жоқ, негізгі уәкілетті органның қорытындысы болуы керек, 8-9 уәкілетті органның келісімі болуы керек, қала құрылысының топографиялық суреті болуы керек, қала құрылысы зоналарын растайтын жоспар болуы керек. Одан бөлек, санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болуы керек, экологиялық сараптаманың қорытындысы болуы қажет. Ешнәрсе жоқ”,- деді заңгер Бақытжан Базарбек.
Бақытжан Базарбек, заңсыз қаулыны 2020 жылы Орал қаласының әкімі болған Абат Шыныбековтың шығарағанын айтты. Сондай-ақ, екі жылдан бері созылып келе жатқан іске қатысы бар деген өзге де лауазымды тұлғалардың атын атады.
«Орал қаласының әкімі болған, қазір БҚО әкімі аппаратының жетекшісі Абат Шыныбековтың, БҚО әкімі Ғали Есқалиевтың үстінен, Орал қаласы әкімінің орынбасары Асхат Күлбаевтың үстінен іс қозғаймыз. Біз бостан-босқа қалдырмаймыз бұл істі», – деді заңгер.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Мажарстан исламдық сәулет өнерінің мұрасы»

2024 ж. 13 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі және Мажарстанның Бас Консулдығы бірлесіп «Мажарстан исламдық сәулет...