Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

8 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
20.3 C
Shymkent

Түркістан облысының полицейлері жеңгетайлықтың 2 дерегі мен «жеңіл жүрісті» 26 қызды анықтады

Танымал

Ел аузында

 Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сарыағаш қаласының аумағында жезөкшелікпен айналысу үшін жеңгетайлық пен притон ұйымдастырудың екі дерегін анықтап, жолын кесті.
 Жедел уәкілдер іздестіру іс-шаралары кезінде, интимдік қызметтерді ұсынғаны үшін ақша алған сауна, хостел әкімшілерін ұстады. Тергеу барысында Қазақстан мен Өзбекстанның 5 азаматынан  құралған  екі қылмыстық топ, яғни "жеңіл жүрісті қыздарды" жинап, жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырғаны анықталды.            
 Полиция қызметкерлері сауна мен "хостелді" қарау кезінде, ақшалай сыйақы үшін өздерінің интимдік қызметтерін ұсынған Өзбекстан азаматтары, яғни  "жеңіл жүрісті" 26 қызды анықтап,  жеткізді.
 Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК 309-бабы «Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық» бойынша СДТБТ-да тіркелді. Қолма-қол ақша және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.  Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының полицейі «Үздік жедел уәкіл» жарысынан жүлдемен оралды

ҚР Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен республикалық «Үздік жедел уәкіл» сайысы өтті. Онда ел аумағынан ең үздік деп танылған, өзінің...