Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

17.5 C
Nur-Sultan
20.1 C
Almaty
21.8 C
Shymkent

Іш киіміне есірткі жасырған шетелдік ұсталды

Танымал

Ел аузында

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне "Жібек жолы" шекара бекетінде есірткі контрабандасы бойынша күдікті туралы хабарлама келіп түсті. Анықталғандай, Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына  өтіп бара жатқан орта жастағы ер азаматқа «Капелла» атты қызметтік ит  белгі берген. 
Содан шекарашылар бірден жедел тергеу тобын шақырады. Сарыағаштық тәжірибелі полицейлерден құралған жедел уәкілдер ер адамның Ресей Федерациясының азаматы екенін анықтады.
Оқиға орнына келген полицейлер күдіктіні тінту кезінде іш киімінің ішінен есірткі тектес затты тәркілеп алды. Алынған зат сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттың  «гашиш» екені расталды.
Аталған дерек ҚК-нің 286-бабы "Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы" бойынша тіркелді. Қазіргі таңда шетел азаматына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткі заттарын заңсыз сақтағаны және контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертеді. Сонымен қатар тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын заңдарды сақтауға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

                Түркістан облысы  ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...