Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

8 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
20.3 C
Shymkent

Түркістандық полицейлер 40 рет жол ережесін бұзып, айыппұлын төлемей жүрген жүргізушіні анықтады

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы аумағында 19-30 желтоқсан аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мұндағы негізгі мақсат – автокөліктерге тексеріс жүргізіп, әкімшілік айыппұлдан жалтарып жүрген жүргізушілерді анықтау. Сондай-ақ бұл шараға жеке сот орындаушылары да жұмылдырылуда.
Осы бағытта жұмыс жүргізіп жатқан Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 7 тәулікте 3 миллион теңгенің айыппұлын өндірді. Яғни тексеріс кезінде жол ережесін бұзғаны үшін өздеріне тағайындалған айыппұлды белгіленген мерзімде төлемегендер анықталды. Сондықтан бұл азаматтардың автокөліктері айыптұраққа қойылды. Мәселен тәртіп сақшылары аудан көшелерінің бірінен «LADA PRIORA» маркалы автокөлікті тоқтатты. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында, оның 40 рет жол ережесін бұзып, 700 000 теңгеден астам төленбеген айыппұлы бары анықталды. Бірден көлік айыптұраққа қойылып, берешегі толығымен өнідірілді. Өз кезегінде полиция қызметкерлері аудан тұрғындарына әкімшілік айыппұлды уақытында төлеу керектігін ескертеді. Алдағы уақытта айыппұлдарды өндіру жұмыстарын жандандыру және жеке сот орындаушылармен бірлесіп, мәжбүрлі түрде өндіру шаралары жүйелі атқарыла бермек.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының полицейі «Үздік жедел уәкіл» жарысынан жүлдемен оралды

ҚР Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен республикалық «Үздік жедел уәкіл» сайысы өтті. Онда ел аумағынан ең үздік деп танылған, өзінің...