Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Полицейлер Түркістан қаласында заңсыз оқ-дәрі сататын дүкенді анықтап, 2000-ға жуық оқ-дәрі тәркіледі

Танымал

Ел аузында

 Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ірі көлемде заңсыз оқ-дәрілер сату, сақтау қылмысының жолын кесті. Нақтырақ айтсақ тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде, облыс орталығында заңсыз оқ-дәрі сататын дүкенді анықтады. 
Жедел уәкілдер сауда дүкеніне қатысты тиісті ақпараттар жинақтап, тінту жұмыстарын жүргізді.  Нәтижесінде күдікті ретінде оқ-дәрілерді сатып, сақтаумен айналысатын 1 ер адам, 1 әйел анықталды. Ал олар жұмыс жасаған дүкеннен 2000-ға жуық оқ-дәрілер тәркіленді. Оның ішінде 990 данасы 16 калибрлі аңшылық мылтыққа арналған болса, 15 келі бытыра және 1 дана глушитель, сонымен қатар дүкен қоймасынан 12 қорапта  жалпы   925 дана оқ алынды. Сатушы әйелдің үйінен «VALTRO – COMBAT»  маркалы газдық тапанша тәркіленді.    
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы 4-бөлігі «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркелді.  Баллистикалық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...