Полицейлер жоғалған жас жігітті Шымкенттен тапты

Танымал

Ел аузында

Түркістан қалалық полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны 19 жасар ұлының жоғалып кеткені туралы арызданды. Қала тұрғыны жоғалған баласын өз бетінше іздегенімен, нәтиже болмай, полицияның көмегіне жүгінеді.                               
Полицейлер бұл жайтты бірден тіркеп, жоғалған баланы іздеуге кірісті. Қажетті іс-шараларды жүргізіп, куәлардан жауап алып, жас жігіттің баруы мүмкін жерлерді тексерді.                 
            Түркістандық тәртіп сақшылары бірнеше күн бойы атқарған жұмыстардың нәтижесінде, жоғалған жас жігітті Шымкент қаласындағы көлік жуу орындарының бірінен жұмыс істеп жүрген жерінен тапты. Анықталғандай, ол отбасылық жанжалға байланысты үйінен кетіп қалған. Полицейлердің кәсіби шеберлігі арқасында ұлы аман-есен табылған ана:     - «Мен ұлымның жоғалуына байланысты полиция бөліміне хабарластым. Бүгін менің балам табылып, үйге оралды. Полицейлерге көп рахмет!» – деп өзінің шынайы ризашылығын жеткізді.                   Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуға және балаларын қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Егер сіздің туысыңыз немесе балаңыз жоғалған жағдайда, 102 телефоны бойынша тез арада полицияға хабарласыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қайрат Закирьянов «Кемел Тоқаев» орденімен марапатталды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт және туризм академиясы базасында маңызды оқиға өтті. Академия президенті, профессор...