Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
16.7 C
Almaty
20.8 C
Shymkent

Полицейлер апалы-сіңлілерді алдаған әйелді анықтады

Танымал

Ел аузында

Кентау қалалық полиция бөліміне апалы-сіңлілі екі жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдердің айтуынша, олардың танысы «Кәсіпкерлікті қолдау қорынан қайтарымсыз 1 225 000 теңге алып беремін» – деп, сеніміне кіріп, әрқайсысынан 130 000 теңгеден ақша алған. Алайда берген уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай 1 жыл бойы түрлі сылтау айтып, созбалыққа салып жүрген. Аталған жайтты кентаулық полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшылары қылмысты ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар жан-жақты іздестіру іс-шараларын жүргізді.
Нәтижесінде сезіктінің жүрген жері анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Анықталғандай, күдікті бұрын жәбірленушінің бірімен әріптес болған. Сондықтан алаяқ жібірленушінің сеніміне оңай кіріп, теріс пиғылын іске асырған. Ол таныстарынан алған ақшаны бас пайдасы үшін жаратып жібергені. Күдіктінің бұдан басқа қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Осы ретте Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға мұқият болуды және түрлі жәрдемақы алуда немесе жұмысқа орналасуда күмәнді қызметтер ұсынатын адамдарға сенбеуге кеңес береді. Барлық іс-әрекетті заңды түрде жасауды ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

№75 мекемесінің сотталғандар арасында есірткіге қарсы шара өтті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 14 тамыздағы бұйрығына сәйкес қоғамның бүгінгі таңдағы ерекше мән беретін өзекті мәселесі...