Түркістан облысы Полиция департаментінің нұсқауына сәйкес облыс көлемінде 24-28 қаңтар аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған іс-шара барысында Түркістан қаласының әкімшілік полиция, жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері сот орындаушыларымен бірлесіп жұмыс атқаруда. Бұл мобильді топ борышкерлердің автокөліктерін тоқтатып, төленбеген әкімшілік айыппұлдарының бар-жоғын тексеруде. Сондай-ақ тәртіп сақшылары жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын атқаруда. «Борышкер» іс-шарасы кезінде Түркістан қ. полицейлер 22 автокөлікті тоқтатып, айыптұраққа жеткізді. Оның ішінде 8-і айыппұлын төлемеген борышкерлердің көлігі. Учаскелік полиция инспекторлары тұрғылықты жері бойынша берешектерін төлеу қажеттілігі туралы 129 ұйғарым жіберді. Сонымен қатар түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 718 әкімшілік хаттама жасалып, 5 миллион теңгеге жуық айыппұл өндірілді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі