Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

Дәнекерлеуге қажетті 1000-ға тарта электрод ұрлаған екеу ұсталды

Танымал

Ел аузында

 Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, өндірістік үй-жайындағы қоймасына ұры түскенін жеткізді. Яғни белгісіз біреулер жәбірленушіге тиесілі контейнердің құлпын бұзу арқылы, онда тұрған «Kobelco LB-52» маркалы әрқайсысының ішінде шамамен 100 данадан электроды бар 9 қорабын, 1 дана «Alteco» маркалы болгаркасын ұрлап кеткені көрсетілген. 
Келтірілген шығын көлемі 400 мыңды құрайды.  Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Жедел уәкілдер бірнеше күн қатарынан жан-жақты іздестіру шараларын жүргізді. Көрген-білгендерден жауап алып, жақын аумақтарды қарап шықты. 
Нәтижесінде күдікті ретінде жетісайлық 2 жас жігіт анықталды, олардың бірі бұрын осы мекемеде жұмыс жасаған. Сезіктілер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полицияға жеткізілді.           
Белгілі болғандай, күдікті екеу оңай жолмен пайда табуды көздеген. Содан қарауылдың тамақтануға кеткен сәтін пайдаланып, ұрлыққа түскен. Бөтеннің мүлкін жасырып, сатып жібермекші болған. Алайда полиция қызметкерлерінің қырағылы, жылдам әрекет етуінің арқасында ойларын іске асыра алмай, дер кезінде ұсталды. 
Қазіргі таңда іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының полицейі «Үздік жедел уәкіл» жарысынан жүлдемен оралды

ҚР Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен республикалық «Үздік жедел уәкіл» сайысы өтті. Онда ел аумағынан ең үздік деп танылған, өзінің...