Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда қанша адам темекі шегетінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengrinews.kz ресми сауалына жауап ретінде ведомство 2019 жылғы GATS темекіні тұтыну туралы ересек тұрғындардың жаһандық сауалнамасы деректеріне сілтеме жасаған.
«Ересек халықтың 21,5 пайызы – 2,8 миллион ересек адам, оның ішінде ерлердің 38,3 пайызы және әйелдердің 6,4 пайызы қазіргі уақытта темекі шегеді. Темекі, түтінсіз немесе қыздырылатын темекі бұйымдары», – деді Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.
Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар арасындағы шылым шегу статистикасы туралы мәлімет берілген.
2018 жылғы HBSC мектеп оқушыларының денсаулығы мен әл-ауқатына қатысты мінез-құлқын зерттеу жөніндегі Ұлттық зерттеу мәліметі бойынша, өмірінің бір кезеңінде темекі шеккен жасөспірімдердің үлесі 11 жастан 15 жасқа дейін үш есе артады.
«Ұлдар арасында 3-тен 10 пайызға дейін, ал қыздарда 2-ден 6 пайызға дейін. Олар есейген сайын 13 және 15 жаста электрон темекіні пайдаланатын жасөспірімдердің үлесі айтарлықтай артады. 15 жаста ұлдардың 14 пайызы, қыздардың 6 пайызы 1-2 күн немесе өмір бойы электрон темекі шегеді», – делінген хабарламада.