Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
5 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Қазақстанда ересектер мен балалар арасында қанша адам темекі шегеді?

Танымал

Ел аузында

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда қанша адам темекі шегетінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz ресми сауалына жауап ретінде ведомство 2019 жылғы GATS темекіні тұтыну туралы ересек тұрғындардың жаһандық сауалнамасы деректеріне сілтеме жасаған.

«Ересек халықтың 21,5 пайызы – 2,8 миллион ересек адам, оның ішінде ерлердің 38,3 пайызы және әйелдердің 6,4 пайызы қазіргі уақытта темекі шегеді. Темекі, түтінсіз немесе қыздырылатын темекі бұйымдары», – деді Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар арасындағы шылым шегу статистикасы туралы мәлімет берілген.

2018 жылғы HBSC мектеп оқушыларының денсаулығы мен әл-ауқатына қатысты мінез-құлқын зерттеу жөніндегі Ұлттық зерттеу мәліметі бойынша, өмірінің бір кезеңінде темекі шеккен жасөспірімдердің үлесі 11 жастан 15 жасқа дейін үш есе артады.

«Ұлдар арасында 3-тен 10 пайызға дейін, ал қыздарда 2-ден 6 пайызға дейін. Олар есейген сайын 13 және 15 жаста электрон темекіні пайдаланатын жасөспірімдердің үлесі айтарлықтай артады. 15 жаста ұлдардың 14 пайызы, қыздардың 6 пайызы 1-2 күн немесе өмір бойы электрон темекі шегеді», – делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мас халде көлік басқарған жүргізушіге сот үкімі шықты

Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады. Мәселен, полиция күнделікті қызмет...