Жетісайда «Үздік офицердің анасы» төсбелгісін 30-дан астам ақжаулықты ана иеленді

Танымал

Ел аузында

Жетісай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен, Халықаралық Әйелдер күніне орай аналарға құрмет көрсетілген ерекше жиын өтті. Мерекелік шараға қызмет бабында ерлікпен қаза болған полицейлердің жұбайлары мен үздік офицерлердің аналары, полиция бөлімінің барша арулары қатысты. Жеке құрам жігіттері нәзік жандыларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, қуантты.

Ал полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Әділбек Сапарбековтің бұйрығымен 34 қызметкердің анасына «Үздік офицердің анасы» төсбелгісі табысталды.

Сондай-ақ полиция бөлімінің қыздары мен қоғамдық көмекшілері де арнайы «Алғыс хат» алды.

Іс-шара соңы мерекелік концерттік бағдарламамен ұласты. Көктемнің ең жарқын мерекесінде аудандық өнерпаздар, адамзаттың асылы аяулы аналарға арналған әндерін әуелете шырқап, керемет көңіл-күй сыйлады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Абай университетінде өткен жәрмеңке түлектерге жаңа мүмкіндіктер сыйлады

Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Бос орындар жәрмеңкесі – 2026» атты ауқымды іс-шара жоғары деңгейде өтті. Жәрмеңкеге...