Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

16 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
22.3 C
Shymkent

“Рантальяда” мыңдаған желаяқ жарысты

Танымал

Ел аузында

“Runtalya” (“Ранталья”) халықаралық марафоны 5 наурызда Түркияның туристік астанасы – Антальяда ұйымдастырылды. Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған кәсіби спортшылар мен әуесқойлар қатысты. Маусымның ашылу жарысы ретінде “Runtalya” 47-ден астам елдің спортшыларын қабылдады. Ерлер арасындағы марафонда Үзеир Сойлемез 2 сағат 23 минут 35 секундта жеңіске жетсе, әйелдер арасында Наталья Гюртен көш бастады.

Биылғы жылы “Рантальяда” төрт кезең (2 шақырым, 10 шақырым, 21 шақырым және 42 шақырым) бір уақытта ұйымдастырылып, барлық жарыстар Антальяның орталығында басталды. Қаланың ең көрікті және көрнекті туристік орындарын 42 шақырым бойы жағалай жүгірген марафоншылар Калеичи, Адриан қақпасы, Дуден сарқырамасы және әйгілі Лара жағажайлары сияқты сұлу мекендерді көрді. Жарысқа кәсіпқой спортшылармен қатар әуесқой жүгірушілер де қатысып, оларды мәремсызығында ондаған мың жергілікті тұрғын мен шетелдік қонақ қарсы алды. “Ранталья” балалар мен жүгіруді енді бастағандарға да мүмкіндік берді.  Мысалы, «Балалар жарысы», «Биік өкшемен жүгіру» және «1-қадам – 1 өмірлік жарыс» – соның айғағы.

“Ранталья” жарысы – Антальяда 2006 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл марафон тәжірибесіз марафоншылар мен кәсіби желаяқтарды біріктіруге бағытталған шара. Салауатты өмір салтын ұстану, спортты сүюге үндейтін додаға қызығатындар саны жыл сайын артып келеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Барлық аурудың емі – адамның миында». Психосоматика мамандары қауымдастығының II съезі өтті

Алматыда "Психосоматика мамандары қауымдастығының" психоматиканы ғылым арқылы ашуға арналған екінші съезі өтті. Съездің негізгі міндеті - психосоматиканы ғылым тұрғысынан...