Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
18.4 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

Полицейлер танысының телефонын ұрлаған күдіктіні анықтады

Танымал

Ел аузында

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, ұялы телефонды ұрлағаны туралы хабарлады. Яғни жәбірленушінің айтуынша, оның ұялы телефонын қонақүйлердің бірінде танысы жымқырып, белгісіз бағытта жасырған. Оқиға орнына келген полицейлер қылмысты ашу мақсатында қажетті іс-шараларды жүргізді.
Түркістандық тәртіп сақшылары атқарылған жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, бірнеше сағатта күдіктіні «ізін суытпай» ұстады. Полиция басқармасына жеткізілген сезікті облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Белгілі болғандай, әйел ұрланған телефонды сатып үлгерген. Ал ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қазақстандық студенттер III Түркі универсиадасында 23 медаль жеңіп алды

Универисада 3-9 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында өтті. ...