Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

17 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Түркістан облысында аспанға оқ атқан жас жігіттер анықталды

Танымал

Ел аузында

      Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде, түнгі уақытта көше бойында бір топ  жас жігіттердің бұзақылық жасап, қоғамдық тыныштықты бұзғанын анықтады. Яғни олар белгісіз қарумен аспанға бірнеше рет оқ атқан. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен (Бұзақылық) тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.
Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері шұғыл іздестіру шараларын жүргізу барысында, оқиғаның 2022 жылы желтоқсан айының 21-інен 22-сіне қараған түні қаладағы рестобарлардың бірінің алдында болғанын анықтады. Оқиға бойынша қарумен оқ атқан 5 жас жігіттің жеке басы анықталып, полицияға жеткізілді.    Олар Жетісай қаласының тұрғындары болып шықты.                            
              Белгілі болғандай, туған күнге жиналған жастар соңында қызық үшін аспанға оқ атқан. Олардан айғақты зат ретінде ішкі істер органдарына тіркелмейтін, яғни  2 дана сигнал бергіш тапанша алынды. Жас жігіттер өздерінің осы іс-әрекеттеріне өкініп, алдағы уақытта қайталамайтынын жеткізді.                               
              Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Оқу орындары мен көшелерде интернет алаяқтарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жетісай ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжде студенттер мен ұстаздарға интернет алаяқтарынан сақтану жолдары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты...