Генерал Серік Күдебаевтың үкімі төртінші рет кейінге шегерілді

Танымал

Ел аузында

Ол қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған.

Талдықорған қалалық соты Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы осымен төртінші рет кейінге шегерді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бастапқыда Күдебаевқа үкім 10 наурызға белгіленген болатын. Алайда кейін генерал-майор Серік Күдебаевтың ауруханаға жатқызылғаны хабарланды. Одан кейінгі сот отырысы 16 наурызға белгіленді. Осыдан кейін үкім тағы 2 рет – 20 және 27 наурызға шегерілді. Бүгін сот отырысының қайта болмайтыны белгілі болды.

Айта кетейік, Серік Күдебаевтың соты қаңтар айында басталған еді. Ол қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған. Күдебаев 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды.

Келесі сот отырысының қашан болатыны әзірге белгісіз

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда дербес деректерді қорғаудың конституциялық кепілдіктері талқыланды

20 мамыр күні Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ ұлтты педагогикалық унивенситетінде «Астана» Халықаралық университетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасында дербес деректерді...