Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

20.3 C
Nur-Sultan
18.5 C
Almaty
23.7 C
Shymkent

Мәжіліс сайлауы: ОСК қорытындыны жариялады

Танымал

Ел аузында

Бүгін 19 наурызда өткен Парламент Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлау қорытындыларын анықтау туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Партиялық тізімдер бойынша, дауыс беру қорытындыларына қарай депутаттық мандаттарды бөлуге 6 саяси партия жіберілді. «Байтақ» жасылдар партиясы 5 пайыздық кедергіні еңсермеуіне байланысты мандаттарды бөлуге қатыспайды», – деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Депутаттық мандаттар бөлініс нәтижесі:

Amanat партиясы  – 40;
«Ауыл» партиясы – 8;
«Ақ жол» партиясы – 6;
Қазақстан халық партиясы – 5;
Respulica партиясы – 6;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 4.

Еске салайық, Қазақстанда 19 наурызда Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау өтті. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс сайлауының алдын ала нәтижелері жариялаған еді. 

Өңірлерден жедел деректер бойынша сайлаушылар тізіміне 12 035 578 азамат енгізілді, дауыс беруге 6 366 441 азамат қатысты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы спорт алаңы ашылды

2025 жылғы 13 тамызда «Жерұйық» саябағында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы...