Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

20.4 C
Nur-Sultan
37.3 C
Almaty
40.9 C
Shymkent

Болат Назарбаев автобазарынан айырылуы мүмкін – БАҚ

Танымал

Ел аузында

Болат Назарбаев «Барыс» автобазарынан айырылуы мүмкін, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Пятый регион» басылымына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, Қарасай ауданындағы сотта прокуратура, жергілікті әкімдік және Болат Назарбаев арасында талқылау жүріп жатыр.

«Қарасай ауданының прокуратурасы жалпы ауданы 35 гектардан асатын жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тануды талап етеді. Мұның себебі қарапайым: бұл учаскелер «суармалы егістік» ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жатқызылды, ал жер кодексіне сәйкес ауыл шаруашылығы алқаптары ерекше қорғалуға жатады. Нысаналы мақсатын өзгертуге ешқандай негіз жоқ, жол берілмейді», – делінген «Пятый регион» материалында.

БАҚ жерді беру фактісі өрескел бұзушылықтармен болғанын атап көрсеткен. Сондықтан прокурорлар сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тануды және оларды мемлекет балансына қайтаруды талап еткен. 

Болат Назарбаевтың компанияларына тиесілі жерлер мемлекетке қайтарылды: істің мән-жайы

Еске салайық, бұған дейін Болат Назарбаев Алматыдағы зауыттың 31,9 пайызын мемлекетке қайтаруға міндеттелген болатын. 16 наурызда Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің талап-арызы бойынша Болат Назарбаев пен PLS-TM ЖШС-ны Алматы ауыр машина жасау зауытының акцияларын мемлекет меншігіне қайтаруға міндеттегені белгілі болды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

AWSDC 2025: Қазақстан жас дебатерлері әлем аренасына шықты

2025 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Таиландтың Бангкок қаласында өткен Asian World Schools Debating Championship (AWSDC) турнирінде...