Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-15 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
-0.7 C
Shymkent

Қайрат Боранбаев сот алдындағы соңғы сөзін айтты

Танымал

Ел аузында

Бүгінде залал толық көлемде өтелді.

Бүгін елорданың Сарыарқа аудандық №2 сотында Қайрат Боранбаев соңғы сөзін сөйледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті сот, сізге өз құқығымды қорғау үшін жүгінемін. Бұл істе прокурорлардың өз қателіктерін мойындауға батылдығы жетпеді. Осы орайда сот жіберілген қателіктерді түзетуге, әділдік пен заңдылықты қалпына келтіруге батылдығы жетеді деп үміттенемін. Өз қателіктерін мойындай алса, ол еркін адам», – деді Қайрат Боранбаев сот алдында.

Сондай-ақ, айыпталушы «АзияГазЧунджа» және «Qazaq Gaz» арасындағы мәміледен мемлекетке шығын келген болса, оны өтеуге дайны екенін жеткізді.

«Құрметті сот, сіз заң өкілісіз. Біздің ісімізде ұрандатушылық жоқ, біз жасаған мәміле тек коммерциялық сипатқа ие. Тергеу басталғаннан бері «АзияГазЧунджа» және «Qazaq Gaz» арасындағы мәмілені коммерциялық және заңды деп санап келдім, мүмкін мен қателескен шығармын. Сондықтан егер Qazaq Gaz мемлекет атынан бұл мәміледен шын мәнінде залал келтірілді деп есептесе, онда мен тергеу кезінде тапқан табысымды қайтаруға дайынмын. Бүгінде залал толық көлемде өтелді. Осы орайда заңды шешім қабылданады деп үміттенемін», – дейді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...