Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Түркістан облысының полицейлері бопсалау қылмысы бойынша 2 жігітті анықтады

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы Полиция департаментіне Леңгір қаласының тұрғыны арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оны белгісіз біреулер пышақпен қорқытып, күш қолданып, 5 миллион теңге бопсалаған. Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 194-бабы 3-бөлігі «Қорқытып алу» бойынша тіркеп, күдіктілерді анықтауға кірісті.
Ақпарат бойынша қылмысты ашуға, күдіктілерді ұстауға бірден Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының тәжірибелі қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жұмылдырылды.
Төлеби ауданының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген полицейлер, нәтижесінде 5 миллион теңге көлеміндегі ақшаны алып тұрған жерінен 2 жігітті ұстады. Олардың біреуі бұрын сотты болған, Төлеби ауданының тұрғыны.
Жедел уәкілдер тінту кезінде күдіктілерден жәбірленушінің қаражатын тәркіледі. Сондай-ақ күдіктілердің бірінің үйін тінту кезінде 6 дана оқ табылды. Тиісті сараптама тағайындалды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Болған оқиғаның толық мән-жайы мен күдіктілердің басқа да қылмыстарға байланысы бар-жоғы анықталуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Заң мен адалдық: полиция 200-ге тарта студентке дәріс өтті

Түркістан облысының полицейлері «Адал азамат» жобасы аясында ұрпақ тәрбиесіне қатысты бірқатар маңызды іс-шаралар атқаруда. Соның бірі - Түркістан қаласындағы...