Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
20.3 C
Shymkent

4 қыздың әкесімін – Серік Сәпиев

Спорт комитетінің төрағасы қызметін атқарған Серік Сәпиев 2020 жылы декреттік демалысқа шыққан.

Танымал

Ел аузында

Спорт комитетінің төрағасы қызметін атқарған Серік Сәпиев 2020 жылы декреттік демалысқа шыққан. Көпшілік оның алаңнан кетуін орынбасарларының парамен ұсталуымен байланыстырды. Шын мәнінде, Сәпиев отбасылық жағдайға байланысты демалысқа шыққан болып шықты. Бұл туралы Сәпиев Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты.

«Әкем ұзақ жылдар бойы қатты ауырды. Соңғы жылы қатты арықтап кетті. 35 жыл шахтада жұмыс істеуінің салдарынан, ісік пайда болды. Ата-анам Қарағандыда тұратын, сол кісілердің жанында болдым. 

Өткен жылдың қараша айында әкемді жерледік. Соған байланысты 4 ай декреттік демалыста болдым», – деді Сәпиев.

Серіктің анасы бүгінде Қарағандыда, ал спортшының өзі отбасымен Нұр-Сұлтанда тұрады. Сәпиевтің отбасы жайлы ақпарат жоқтың қасы. Боксшы осы сұхбатында 4 қыздың әкесі екенін растады. Ол өзінің қандай әке екенін айтты.

«Қатал әке емеспін. Белгілі бір жағдайда қатал болу керектігін сезсем, дауыс көтеремін, ескерту жасаймын», – деді ол. 

ДекекөзStan.kz

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қызылордада визажист пробация есебіндегі азаматшаларға макияж жасауды үйретіп, сертификат табыстады

Қызылорда облыстық Жастар ресустық орталығында  визажист  Серік Арайлым қыз-келіншектерге  тегін шеберлік сабағын өткізді. Бұл шараға Қызылорда қалалық пробация есебіндегі...