Тоқаев бірқатар мемлекетке елшілер тағайындады

Танымал

Ел аузында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірқатар мемлекеттегі елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерболат Нәсенұлы Сембаев Қазақстан Республикасының Мальта Республикасындағы, Сан-Марино Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Президент кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқуды насихаттау және зерделі ұлт қалыптастыруға бағытталған маңызды құжатқа қол қойды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев...