Қазақстанда «әлеуметтік әмиян» енгізіледі

Премьер-министр Асқар Мамин цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Жиында "әлеуметтік әмиян" жобасы қаралды.

Танымал

Ел аузында

Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты хабарлады.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, «әлеуметтік әмиянға» әлеуметтік төлемдер аударылады. Ал ақша электрон түрде болады. Ондай әмиян азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірлері негізінде ашылады. Осы бастама әзірше пилоттық жоба үлгісінде қолға алынады.

Бүгінде инфрақұрылым да анықталды. Пилоттық жобаны ұлттық банктің жылдам аударымдар жүйесі негізінде сынап көреді.

Бұл жоба халықты әлеуметтік қолдау құралдарын жетілдіруге және төлемдерді алушылардың есебіне проактивті түрде аудару мүмкіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, — деді министр.

Пилоттық жоба 2021 жылы желтоқсанда басталады. Ал 2022 жылы өнеркәсіптік пайдалануға беріледі. 2023-2024 жылдары «әлеуметтік әмиян» ұлттық тауар өткізу жүйесімен біріктіріледі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Түркістанда «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығының бастамасымен Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен рухани мұрасын балаларға танытуға...