Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Қазақстандық Ким Кардашьян

Мадина Сәдуақасова тағы да ел аузында. Бұл жолы эстрада жұлдызы жаңа образы үшін елден оңбай сөз естіді.

Танымал

Ел аузында

Желі қолданушылары өнер иесін америкалық жұлдыз Ким Кардашьянмен салыстырды.

Мадина Сәдуақасова Instаgram парақшасында жаңа суреттерін бөлісіп, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Желідегілерге әншінің ерекше фотосессиясы ұнамай қалған секілді. Өнер иесінің өзі де халықтың сынына дайын болған көрінеді. Оған жұлдыздың қалдырған жазбасы дәлел.

«Қайтадан сынға ұшырайын деп тұрмын-ау. Қайтейін, сахнадағы 25 жылдығыма арналған эксклюзивті сұхбат болды. Бұл мақалада жолдасымның ұятты суреттеріме көзқарасы туралы, мені өлтіріп сынайтындарға арнаған тілектерімді білетін боласыздар», – деп жазды ол.

Ашуға булыққан оқырмандар Мадинаның қылығын отбасылы келіншекке сай емес екенін жазып, оны сынға алды. Ал кейбір желі қолданушылары оны әйгілі Ким Кардашьянға ұқсатты.

«Мәдина, әдемісің. Бірақ 15 жыл бұрынғыдай емес. Дегенмен де жылдар өзінікін алады ғой. Сол жасыңа сай әдемілігіңді ұстасаң, өте әдемі болар едің», «Ники Минаждың Қызылордада жоғалтқан апасы болып тұрсыз», «Қазақстандық Ким Кардашьян», «Әрине сынайды, соны біле тұра, жасап тұрсың. Аяғыңды соншама көтеріп, ресторанда жұмыс істейін «арзан» әнші сияқты», «Күйеуіне сабыр берсін», «Отбасылы бола, осылай түскені несі?! Жұлдыздарды түсінбеймін», – деп жазуда көпшілік.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...