Бір аптаның ішінде балалардың терезеден құлауының 8 оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігі жыл сайын аптаптың басталуымен балалардың терезеден құлауынан болатын жазатайым оқиғалардың жиілеп кеткенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта негізгі қауіп терезелердегі масаға арналған қорғаныш торлары болып отыр.
Өткен аптада ғана елімізде 8 оқиға тіркелсе, оның бірі Астанада 3 жасар бала 17-ші қабаттан құлап, қаза тапқан еді.
Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін мына ережелерді сақтаңыз:
- баланың терезені өз бетімен ашуына жол бермейтін терезелерге блокаторларды орнатыңыз;
- бала шыға алатын жиһазды терезелердің алдында қалдырмаңыз;
- терезе сыртында қорғаныш темірі болмаса, масаға арналған торларды қолданбаңыз (бала алдыдағы қандай да бір кедергіні көреді, оған сенімді түрде сүйенеді және баланың салмағына арналмаған тормен бірге құлап кетуі мүмкін);
- баланы ересектердің қарауынсыз, терезелері ашық, сондай-ақ өзі ашуға болатын бөлмеде қалдырмаңыз;
- балаларға ашық терезенің қауіпті екенін түсіндіріп, масаға арналған торлар әлсіз екенін ескерту керек;
- балалар терезенің қасында болғанда және оған көтерілуге тырысқанда қауіпті екенін үнемі ескертіп отыру керек.
Осы қарапайым ережелерді сақтау арқылы сіз балаңыздың өмірін сақтай аласыз.