Бүгін 6 шілдеде қазақстандықтар Астана күнін тойлап жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мереке құрметіне бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 1 шілде сенбіден 7 шілде жұмаға алдын ала ауыстырылған демалыс күнінің арқасында 6-9 шілде аралығында 4 күн демалады.
Мереке 1998 жылдан – Қазақстан астанасы өз мәртебесін алған сәттен бастап атап өтіледі.
1994 жылғы 6 шілдеде Қазақстанның Жоғарғы Кеңесінің астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулысы қабылданды. Ал 1998 жылы қала астана деп аталды. Егер 2000 жылдардың басында қалада 380 мыңнан астам адам тұрса, ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылдың басында елордада 1 миллион 354 мың адам тұрады.
Өткен жылдың соңында Астанада Нұра деп аталатын жаңа аудан пайда болды. Қазір елорда ресми түрде 5 ауданға бөлінген: Алматы, Байқоңыр, Есіл, Нұра және Сарыарқа.