Түркістанда 74 жастағы зейнеткер лифт шахтасына құлап қаза тапты

Танымал

Ел аузында

Түркістанда 74 жастағы зейнеткер лифт шахтасына құлап қаза тапты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға Түркістан қаласындағы Жаңа қала аумағында салынып біткеніне бір-екі жыл болған су жаңа үйлердің бірінде болған. Бұл – қалада жеделсатыға байланысты болған алғашқы жағдай.

Түркістан қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Үсенбаевтың айтуынша, жөндеу жұмыстарына байланысты лифтінің кабинкасы бесінші қабатқа тоқтатылған. Алайда бірінші қабаттағы лифтінің есігін зейнеткер қалай ашқаны белгісіз. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Саят Қамшыгермен кездесу – тәрбие мен тағылым үндестігі

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Абай ауылындағы №2 орта мектепте «Тәрбие баспалдағы» атты ата-аналар форумы өтті. Тағылымды шараның басты...