Өртеніп кеткен: Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан бір отбасы қаза тапты

Танымал

Ел аузында

Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты, – деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 14 тамызда Көкшетау-Рузаевка тасжолында болған. Lexus LS 430 көлігі мен DAF бензин тасығышы соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртеніп кеткен.

Оқиға орнында 42 жастағы Lexus-тың жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы қайтыс болды. Жанармай көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Психикалық денсаулық саласы: жаңа мүмкіндіктер мен заманауи тәсілдер

Алматы облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Алимбек Тәжеков өңірдегі қызметтің дамуы мен болашақ жоспарлар туралы әңгімелейді. — Әлімбек Мұхтарұлы, өзіңіз...