Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Коронавирустың тағы бір қауіпті штамы пайда болды

Танымал

Ел аузында

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, вирус адамнан адамға бұрынғыдан да тезірек жұғады.

Беларусьте коронавирустың жаңа штамы тіркелді. Бұл туралы Беларусь Республикасының Денсаулық сақтау министрінің орынбасары – бас санитарлық дәрігер Александр Тарасенко «Беларусь 1» телеарнасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде көбіне дельта-штамм анықталып жатыр, алайда қыркүйектің басынан бері біз вирустың дельта лайт штамын байқай бастадық. Әзірге екеуінің арасында қатты айырмашылықты көрмедік, ондай жағдайлар аз», – деді Александр Тарасенко.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, вирус адамнан адамға бұрынғыдан да тезірек жұғады. «Бұрын вирус 15 минут және одан көп уақыт ішінде жұғатынын айтқан едік, жаңа штаммды жұқтыру үшін ауырған адамның қасында екі минут қалу да жеткілікті», – деді ол.

Одан бөлек, көбіне аталған дертке көбіне 30-30, 40-49 жас аралығындағы жастар шалдығып жатыр. «Минскіде, басқа өңірлерге қарағанда, вирус жұқтырып жатқандардың басым бөлігі – 18-29 жастағы азаматтар», – деп қосты Александр Тарасенко.

Аурудың клиникалық көрінісінде айырмашылықтар бар. Атап айтқанда, бұрын аурудың ауыр кезі 7-8-ші күн болса, қазір ол 3-4-ші күнге келеді. «Делта-штамм бәрібір ауруға өзгерістер енгізіп жатыр», – деп нақтылады Тарасенко.
 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...