Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-7.1 C
Almaty
-0.7 C
Shymkent

«Әкеңе сәлем айт». Тоқаевпен кездесуге кешігіп қалған бала Президентке сыйлық жасады

Танымал

Ел аузында

Үшінші сынып оқушысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыйлық жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үшінші сынып оқушысы Сәлім Көпеев Президентпен кездесуге кешігіп қалғанын айтып, өзі жасаған жұмыс үстелі органайзерін Мемлекет басшысына сыйлады. 

Үшінші сынып оқушысы Президентке берген сыйлығын әкесімен жасағанын айтты. 

«Жарайсың, сәттілік, әкеңе сәлем айт», – деді Тоқаев. 

Еске салайық, бүгін Президент Алматыдағы Prometheus school мектебіне барған болатын. Президентке білім ордасының оқу кабинеттері, жаратылыстану зертханалары, мектепте сабақ оқытудың Daryn Go, Booky-Wooky авторлық әдістемелері, сондай-ақ оқу орнының жалпы инфрақұрылымы таныстырылды.

Рrometheus school былтыр 9 қарашада ашылған. Мектеп 840 оқушыға арналған. Аумағы – 12 мың шаршы метр. Білім беру мекемесін салу үшін 5,2 миллиард теңге инвестиция тартылған. Аз қамтылған отбасылардың дарынды балалары үшін білім гранттары бөлінеді. Мектеп жыл сайын грант санын арттыруды жоспарлап отыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...