Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

18.1 C
Nur-Sultan
27 C
Almaty
32.9 C
Shymkent

МЕКЕМЕ ҰЖЫМЫ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСТЫ

Танымал

Ел аузында

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №13 мекемесінің жеке құрамы Білім күні қарсаңында өз әріптестерінің отбасына материалдық көмек көрсетті.

«Республика көлемінде өтетін жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына біздің №13 мекеме ұжымы да үн қосып,
мекеме бақылаушылар қызметі бөлімінің бақылаушысы әділет старшинасы Б.Н. Ақсамбаевтың қызына сыйлық жасауды ұйғарды. Бұл қайырымдылық акциясы ұжымдағы қызметкерлердің ынтымағын арттыруға ықпал ететін айтулы акция. Оған әр қызметкердің атсалысуы мекеме қызметкерлерінің бір-біріне деген қамқорлығының айқын көрінісі болды»-дейді кадр саясаты тобының инспектор-психологы әділет лейтенанты Ә.Е.Базарқұл.
Жыл сайын 1 тамыздан басталатын «Мектепке жол» акциясы биыл «Жақсылық жаса» ұранымен өтіп жатыр. «Жақсылықтың жанның көркі» екенін ескерген №13 мекеме басшылығы да аталған акцияның мақсаты мен мазмұнына баса назар аударып, ұжымның бірлігін арттыруға ықпал етті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Строительство студенческих общежитий в Алматы: новые возможности для инвесторов

Проектный офис по строительству студенческих общежитий города Алматы приглашает инвесторов принять участие в новых проектах строительства и реконструкции. Инициатива...