Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Жамбыл облысында жаңа мектеп пайдалануға берілді

Танымал

Ел аузында

1 қыркүйек – білім күніне орай Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Шоқай ауылында №3 орта мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

150 орындық білім нысанының ашылу салтанатына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров қатысып, ауылдықтарды қос қуанышымен құттықтады.

  • Қазіргі таңда облыс мектептерінің материалдық-техникалық базасы нығайып, жаңа мектептер соғылып, апатты, үш ауысымды, оқушы орны тапшылығы бар мектептердің мәселесі тиімді шешімін табуда.

Бұл өз кезегінде білім саласында бірқатар жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.

Биыл білім саласына 284,8 млрд. теңге бөлінді десек, бұл облыс бюджетінің 50 пайызынан астамы.

Ағымдағы жылы 25 білім нысанының құрылысы жүруде. Жыл соңына дейін 9 мектеп пен 5 мектептің жапсарлас құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.Ал, 11 нысан құрылысы 2024 жылы аяқталады.

Бұдан бөлек, 17 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтуде. Бұдан бөлек, 2,5 млрд. теңгеге мектептер жаңғыртылуда, оның ішінде білім беру нысандарының қауіпсіздігіне 1,8 млрд. теңге бөлінді.

Бүгін сіздердің ауылда соғылып отырған мектептің жаңа ғимараты арқылы осы ауылда орналасқан орын тапшылығы бар №3 орта мектептің мәселесі шешіліп отыр. Енді балаларымыз кең, заманауи талапқа сай жабдықталған үлкен мектепте білім алады, – дей келе Нұржан Календеров балаларды білім мен тәрбие алуларыңыз үшін осындай қолдаулар мемлекет тарапынан жалғаса беретінін атап өтті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...