Қанат Бозымбаев Президент кеңесшісі лауазымына тағайындалды

Танымал

Ел аузында

Қанат Бозымбаев Президент кеңесшісі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.

Қанат Бозымбаев 1969 жылы Алматыда дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары түрлі қызметтерді атқарған. Соның ішінде 2009-2013 жылдары-Жамбыл облысының әкімі, 2013-2016 жылдары Павлодар облысының әкімі, 2016-2019 жылдары энергетика министрі, 2019 жылы Президенттің көмекшісі болды.

Айта кетейік, шенеунік 2022 жылы 11 маусымда Алматы облысының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылған еді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТІҢ ЖОҒАЛҒАН ТЕЛЕФОНЫН ТАПТЫ

Түркістан қаласына отбасымен саяхаттап келген БАӘ азаматы Desai Dev Ketan ұялы телефонын абайсызда такси көлігінде қалдырып кеткен.Шетелдік турист қонақүйден...