Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

19.1 C
Nur-Sultan
32.9 C
Almaty
40 C
Shymkent

Ерлан Нысанбаев экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды

Танымал

Ел аузында

Ерлан Нысанбаев экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада. 

Еске салайық, Ерлан Нысанбаев 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылы бастаған. Түрлі жылдары коммерциялық сектор мен мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеді.

2014-2019 жылдары – ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі.

2019 жылғы шілдеден бастап 2021 жылғы мамырға дейін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Yandex Qazaqstan ең қолжетімді колонкасы – Сағатсыз Станция Лайт 2 сатылымға шыққанын жариялады

Қазақстанда Алиса жасанды интеллект-ассистентімен жабдықталған ең қолжетімді колонка – Сағатсыз Станция Лайт 2 сатылымға шықты. Құрылғы арқылы Алисамен қазақ...