Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

4.3 C
Nur-Sultan
11.5 C
Almaty
11.8 C
Shymkent

Талдықорғандағы облыстық кардиологиялық орталықта
науқасқа бірден 3 күрделі ота жасалды

Танымал

Ел аузында

Облыстық кардиологиялық орталықта Астана, Алматы және Талдықорған қалаларындағы бірнеше медициналық мекеме дәрігерлерінің қатысуымен науқасқа бір мезгілде бірден 3 күрделі ота жасалды. Қазақстанда алғаш рет үш сала мамандары бірлесіп жасайтын ота науқастың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Биылғы жылдың маусым айында миокард инфарктісін алған 74 жастағы науқас жүректің ищемиялық ауруымен ауырады.
-Отаға дайындау барысында науқастың сол жақ бүйрегіндегі ісік, оң жақ ұйқы артериясының зақымдануы және жүректің коронарлық тамырларының зақымдануы сияқты басқа да аурулары анықталған болатын, -деді кардиологиялық орталықтың директоры Нұрсан Сурашев.
Ота үш кезең бойынша жасалды. Бірінші кезеңде науқастың ұйқы артериясы стенттелді. Бұл отаны жасау үшін елімізге танымал нейро-интервенциялық хирург, ҚР Президентінің іс басқармасы медициналық орталығының ауруханасы директорының орынбасары Мыңжылқы Сайлауұлы Бердиходжаев және Алматы қаласындағы «Орталық клиникалық аурухана» АҚ нейрохирургі Мұсабеков Мақсат Ғабитұлы арнайы келді.
Науқас бірден коронарографиялық ота жасау бөлімінен кардиохирургиялық ота жасау бөліміне жеткізілді. Бұл жерде облыстық кардиологиялық орталықтың мамандары ашық жүрекке аорта-коронарлық шунттеу отасын жасады. Ал үшінші кезеңде науқастың онкологиялық көрсеткіштеріне байланысты сол жақ бүйрегін алып тастау отасы Облыстық көпсалалы клиниканың (облыстық онкодиспансердің) мамандарымен жасалды.

Науқастың бүгінгі күнгі жағдайы тұрақты, кардиохирургиялық реанимация бөлімінде ем қабылдауда.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысында 5 тәулікте 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

Түркістан облысында өткізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес тәулігінде полицияға 424 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Оларға қатысты 415 әкімшілік...