Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Танымал

Ел аузында

Синоптиктер Қазақстанда 21-23 қыркүйекте ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер мәліметінше, алдағы тәуліктерде еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жауады, жаңбыр мен бұрқасын түріндегі жауын-шашын күтіледі.

21 қыркүйекте оңтүстікте, 21 қыркүйекте, 23 қыркүйекте шығыста, 21-22 қыркүйекте елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болады. Батыс антициклоны әсерімен Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің батысында, солтүстігінде, орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады деп болжанған. Солтүстікте, солтүстік-батыста, елдің орталығында түнде топырақ бетінде 1 градусқа дейін аяз күтіледі.

«ҚР батыс облыстарында 24-30 градусқа дейін жылы, елдің солтүстік-батысында 15-27-ге дейін, республиканың солтүстігінде 10-16 градусқа дейін жылы, орталықта негізгі фон 10-23 градус, шығыста 10-15-ке дейін, оңтүстікте 20-28-ге дейін, оңтүстік-шығыста 12-22 градусқа дейін төмендейді, таулы аймақтарда 2-10 градус», – делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...