Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Танымал

Ел аузында

Синоптиктер Қазақстанда 21-23 қыркүйекте ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер мәліметінше, алдағы тәуліктерде еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жауады, жаңбыр мен бұрқасын түріндегі жауын-шашын күтіледі.

21 қыркүйекте оңтүстікте, 21 қыркүйекте, 23 қыркүйекте шығыста, 21-22 қыркүйекте елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болады. Батыс антициклоны әсерімен Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің батысында, солтүстігінде, орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады деп болжанған. Солтүстікте, солтүстік-батыста, елдің орталығында түнде топырақ бетінде 1 градусқа дейін аяз күтіледі.

«ҚР батыс облыстарында 24-30 градусқа дейін жылы, елдің солтүстік-батысында 15-27-ге дейін, республиканың солтүстігінде 10-16 градусқа дейін жылы, орталықта негізгі фон 10-23 градус, шығыста 10-15-ке дейін, оңтүстікте 20-28-ге дейін, оңтүстік-шығыста 12-22 градусқа дейін төмендейді, таулы аймақтарда 2-10 градус», – делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

АЛҒАШ РЕТ ТАЛДЫҚОРҒАН ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ЖЕДЕЛ ПРОМИЕЛОЦИТТІК ЛЕЙКОЗБЕН АУЫРҒАН НАУҚАС ТОЛЫҒЫМЕН ЕМДЕЛДІ

Талдықорған облыстық ауруханасының гематология бөлімінде алғаш рет жедел промиелоциттік лейкозбен – жедел миелоидтық лейкоздың ең агрессивті түрлерінің бірімен ауырған...